|
|
|||||||
|
| |||||||
|
| ||||||
|
№ 49 05.12.2008
| |||||||
| |||||||
|
Публикации 05.12.2008
Столица
Лучшее за неделю
Авторские статьи
|
Алтын шаңырақ
«Біздің алтын шаңырағымыздың иесі де, киесі де – сүйікті әжеміз Райса Ғабдошқызы Байманова», - дейді балалары мен немерелері. Иә, расында да Райса әжей бір әулеттің алтын тірегі болып отырған асыл ана. Және де Райса әжейдің өмірі өнегеге толы. Ол 1928 жылғы 28 қарашада Көкшетау облысының Чкалов ауданының Ортақ ауылында дүниеге келсе, қазір Алла Тағаланың мейірім шапағатымен сексен жастан асып отыр. Бір әулеттің үлкен бәйтерегіндей болып, балаларын аялы құшағына алып отырған асыл әжейдің әкесі – Ғабдош ата бар ғұмырын қазақ ауылының гүлдеп – көркеюіне арнаған жайсаң жан. Ол Ұлы Отан соғысы жылдары Есіл кеңшарының директоры болып еңбек етіп, Жеңісті жақындату үшін қажырлы қайрат танытты.
Ағаш жапырағымен көрікті болса, адам баласы туған-туыс, ұрпағымен көрікті. Бұл кісінің Зейнолла деген інісі, Сара деген сіңілісі бар. Қазір олар Алматы қаласында тұрады. Олардың балалық және студенттік кездеріндегі суреттері сақталған. Райса әжей сағынған кезінде оған қарап, сіңілілерімен бірге өткізген балалық, жастық шағын еске алып, немерелеріне оны жыр ғып айтады. Ал енді, оның тағы бір сіңілісі Райса апай еді. Тағдырдың бұйрығына шара бар ма? Ол 1971 жылы қайтыс болды.Шындығында да, Райса Ғабдошқызының жүріп өткен өмір жолы жастарға үлкен үлгі-өнеге боларлықтай. Асыл ананың сексен жылғы ғибратты ғұмыры - әр жүрекке имандылық нұрын құяр талай-талай ізгілік іздеріне толы. Өзінің өн бойынан сезіліп тұратын жоғары адамгершілік пен мәдениеттілік, зиялылық пен мейірімділік – халықтың, туған-туыстарының сый-құрметіне бөленіп келе жатқан асыл қасиеттері. Ол өзінің еңбек жолын аудандық кеңестің бөлім меңгерушісі болып бастап, Есіл аудандық әйелдер кеңесінің нұсқаушысы қызметімен жалғастырып, 1951 жылғы сәуірден 1953 жылғы наурызға дейін Қазақстан Жастар Одағы Ленин Комсомолының Есіл аудандық комитетінің екінші, сосын бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. Жастарды жоғары адамгершілік рухта тәрбиелеп, Отанымыздың ынтымақ-ырысын арттыруға шебер жұмылдыра білгені үшін ол кезінде талай алғыс, грамоталармен марапатталды да. Үйленіп, үй болу, өмірге ұрпақ әкеліп, оны елінің нағыз перзенті етіп тәрбиелеп, өсіру - әрбір адамның асыл парызы. Райса Ғабдошқызы 1951 жылы Ұлы Отан соғысынан елге жеңіспен оралған айбынды қазақ жауынгері, қазақтың аяулы азаматтарының бірі – Едіресті кездестіріп, шаңырақ көтерді. Береке – бірлікке толы осы алтын шаңырақтарында олар тату-тәтті 45 жыл бірге өмір сүрді. Олардың осынау ақ отауында 1952 жылы Гүлнар, 1954 жылы Ләззат, 1956 жылы Алма, 1960 жылы Талғат өмірге келді. Қазір Райса Ғабдошқызының төрт баласынан 8 немересі, 6 шөбересі бар. Осы шаңырақтың иесі – Едірес Смағұлұлы ұлтжанды, үлкен жүректі азамат болатын. Ол өз өмірінің соңғы жылдарын Торғай облысының қайта ашылуына арнап, үлкен ұйымдастырушылық жұмыстарын атқарды. Соның нәтижесінде Торғай облысы қайта ашылып, халық жайсаң жанға зор алғысын айтып, ол кісіні қатты құрметтеді. Қазір де Торғай өңірінің халқы оны үлкен сүйіспеншілік сезіммен еске алады. Оның өмірдегі ізгі істерін ұрпақтарына айтып отырады, балаларын көрсе, асылдан қалған тұяқ қой деп, ыстық ықылас танытады. Едірес Смағұлов туралы тіпті кезінде Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымының Орталық Кеңесінің төрағасы Мақтай Сағдиев «Казахстанская правда» газетіне ой толғаныстарын жазды да. Өзінің еңбек жолын 1951 жылы бастаған Райса әже 1983 жылға дейін еңбек етті. Осы мерзім ішінде ол аудандық кітапхананың меңгерушісі, аудандық партия комитетінің партиялық сектор меңгерушісі, аудандық қаржы бөлімінің, май зауытының, санитарлық-эпидемиологиялық стансасының, дәріхананың есепшісі, облыстық дәріхана басқармасының, сауда қызметкерлері облыстық кәсіподағы комитетінің, «Ленин жолымен» - аудандық газетінің бас есепшісі қызметтерін абыройлы атқарды. Өмір бойы елі үшін еңбек етіп, елі үшін ғұмыр кешкендіктен шығар, ол еңбек демалысына шыққаннан кейін де қоғамдық өмірден қол үзген жоқ. Және де 34 жыл бойы еңбек ете жүріп, төрт баласын мәпелеп өсірді. Мінеки, бүгін асыл әжеміз Алла Тағаланың мейірім-шапағатымен сексен жастан асып отыр. Сексен жас әрбір адамның елі мен жеріне, ағайын, туған-туысына, ұрпақтарына алтын тірек, нұрлы пана болатын ғибратты ғұмыр ғой. Осыған орай бүгін Райса әжейді балалары мен немере, шөберелері сексеннің сеңгіріне шыққан мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Біз де бұл тілекке қосыла отырып: - Асыл әже, тойыңыз - тойға ұласып, жүз жасаңыз. Балаларыңыз бен немерелеріңізге Сіздің жасыңызды, абырой, сый-құрметіңізді берсін! Алтын шаңырағыңыздың алып бәйтерегі болып, әрдайым ортасында отырыңыз! Сіздің ұрпақтарыңыздың өмір жолына Алла Тағаланың ақ нұры жаусын! – дейміз.
05.12.2008 |
Просмотров: 1167 |
Печать |
Другие публикации выпуска в этой рубрике
|
Фотоконкурс «Дама с собачкой»
Интервью
Фоторепортажи
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Газета Инфо-Цес 1991-2010 Разработка сайта: Студия Style.KZ | |||
|