Реклама в газете Инфо-Цес
  Логин пароль Забыли пароль? | Регистрация
№ 9 06.03.2009
Публикации 06.03.2009

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Сопылық ілім, салт-дәстүр Оны уағыздайтын тәлім - тасаууф

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

(Соңы. Басы газетіміздің өткен нөмірінде).

Ақиқат (Насут мақам - жолы) – адамдар өмір сүретін ғалам. Бұл жол – сопылық ілімнің шыңы. Шариғат, та- рихат, мағрифат жолдарының амалдарын жүзеге асыра отырып, Алланың барлығын жә-не бірлігін тану – оның басты мақсаты. Ұсынатын тәртіп – заңы:
1. Аллаһ жолын ажырату.
2. Пақырлыққа көңіл тоқта-тып, мойынсұну.
3. Шариғат пен Тарихат тәр-тіп – заңын білу.
4. Мағрифат, Ақиқат тәр- тіп – заңын білу.
5. Алланың берген несібесіне қанағат ету.
6. Адамдардың, әркімнің кө-ңіл сырын жаймау, сыр сақтай білу.
7. Кісіге азар бермеу, айып-ты бетке баспау.
8. Жақсы, жаманның ара – жігін ажырату, тану.
9. Асқа елден бұрын қол созбау.
10. Білген, білдірілгендерді іске асыру.
Ғалымдар сопылық сатысы туралы Сопылықтың төрт сатысы- ның қайсы сол жолдағы адам- дар үшін міндетті?
Бұл жөнінде Ә.Нысанбаев былай дейді:

«Соыпылық – адам туралы ілім. Иә, қоғамды жетілдіру үшін алдымен адамның өзі жетілу қажет деп есептейді сопылар. «Кемел нисан», яғни кемел адам қалпына жетіп, жаратқан Хақпен дидарласып, әлемдік ақыл-оймен бірігуің үшін төрт сатыдан өтуің қажет. Біріншісі – жұрттың бәріне ортақ шари-ғат жолы. Яғни Жаратушының өз сөзі – Құранда айтылатын парызыңды орында, өтірік айтпа, ұрлық қылма, зәбір жасама, т.б.

Екінші саты – тарихат жолы. Бұл саты кез-келген адам үшін міндетті емес. Қалайсың ба, өз еркің. Бі- рақ тарихат жолына түспей, яғ- ни ақиқатқа жету мақсатымен азап шекпей, мехнат тартпай, өзіңді өзің қинамай, өмір қы-зығынан бас тартпай, кемелдік дәрежеге жете алмайсың.

Үшінші саты – хақиқат (яғни ақиқат) жолы. Бұл енді азан арқылы, жатпай тұрмай ізден- ген жанкешті еңбегінің нәти-жесінде адамның дүние сырын тани бастауы. Төртінші саты – мағрифат. Хақпен дидарласу, адамзатты жаратқан әлемдік рухпен, яғни абсолют ақыл-оймен бірігу. Бұл дәрежеге жеткен адам қайтыс болған жақын-туысқандары-ның рухымен де еркін дидар-ласып, ғаламның барша сырына қаныға алады».

Сопылық мақамдары, оның кезеңдері Сопылық: құлшылық етуші (ғабид), тақуа (захид) тәрізді бірнеше мақамдарға бөлінеді. Олардың өзара айырмашылы- ғы, өзіне тән әдісі, ұстанар жолы, мақсаты бар.

Сопылық жолға түскендер міндетті түрде үш сатыдан тұ-ратын ерекше күйден өтуге тиісті. Олар: шариғат, тарихат және хақиқат (ақиқат), Тари- хатта (жол, бағытта) сопы-лардың тоқтайтын, тыныс ала- тын аялдамалары бар. Оны «макам» (мақам) деп атайды. Біз енді оның талас ту- ғызбайтын белгілеріне тоқтал-сақ.

Тәубе. Адамның күнәһар екендігін сөзсіз мойындауы. Тәубе ету – күнәдан арылу, оны жасағанына қатты өкіну, екінші рет қайталамауға серт беру.

Мақамның екінші кезеңі. Бұл - сақтық. Мұнда халал мен харамды ажырата білу шарт.

Үшінші кезең – зухд (тартыну). Яғни бұл кезде нәпсі- ге тиым салу қажет.

Төртінші кезең – пақыр (қайыршылық). Ол кедейлік емес. Алланың алдындағы ке- дейлік, Жаратушыға жалба-рынғанда арада ешнәрсенің болмауы.
Бесінші кезең – сабыр.

Бұл – Жаратушының ісіне араласпау, оған бас иіп, көну, сыр бермеу.
Алтыншы кезең – таваккул (тәуекел). Тәуекел – істің басы тәуекел, ортасы бойсұну, соңы ісін Аллаһқа тапсыру, бір Жасаған Иеге сену, не іс атқарса да оған иек арту.

Жетінші кезең – рида (толық бойұсыну, құлшылық). Бұл сатыға жеткен адамға дү-ниелік істердің ешқайсы әсер етпейді.
Осы жеті кезеңмен тариқат аяқталып, ақиқат басталады. Сопылықтағы хал мен жағдайлар Хал – адамның өзгермелі көңіл – күйін білдіруші. Көпше түрінде оны ахвал деп атайды. Халдың мынандай басты түрлері бар: 1. Курб (жақындылық) – адам өзінің жаратушыға жа-қындығын сезінеді.
2. Махабба – құдайға де-ген аса ерекше сезім.
3. Хауф («үрей») – адам-ның күнәһар екендігін сезініп, оның алдындағы дәрменсіз халі.
4. Раджа («үміт») – құдай-дың рахымын күту, содан үміт ету.
5. Шаук («ғашықтық»). Су- физимде махаббат пен ғашық-тық бір ұғым емес. Әл – Хасан әл – Басрий: «Махаббаттың белгісі жақсы көргеніңмен барлық іс-те келісуің, барлық амалдарда оның жолымен жүруің, барлық тәсілмен онымен бірге болуың, оның ұнатпаған барлық ісінен аулақ жүруің».
6. Унс. (Бұл достық, махаб-батқа ұқсас хал).
7. Итманина («Рухани толастау») – Жаратушының рахымына бөлену.
8. Мушахада (сезіну) – Адам Алласына жақындап қа-на қоймайды, оны сезініп, көре де алмақ.
9. Иакин (сенімділік) – рухани дүниенің шындығы туралы жоғарғы сана. Мұндай күйдегі адамдарды өзге еш-нәрсе алаңдата алмайды.
Халдың жоғарыдағы көріну формаларының синтезін – Фа-на деп атайды. Тариқат жолына түскен адам өзіне рухани ұстаз іздейді.
Мұндай ұстазды Шейх дейді.
«Тақуалық (уарғу)» - жү-рекке және амалға қатысты кү-мәнді істерге жоламау.
«Тақуалық (зухд)» - дү-ниеге қызықпау, бірақ кедей болу деген сөз емес. Кедейдің барлығы дүниені тәрк еткен тақуа емес, барлық тақуалар да кедей емес.
«Риза» - Аллаһ Тағалаға разы болу – ең үлкен бақыт-тылық. Ризашылық – пенде-нің Аллаһ Тағаланың жазған үкімінің аясында жаны рахат тауып, бақытты тірлік құруы. Кейбір діндарлардың пайымдауынша: «Риза – мақамдардың ең шыңы, бұдан соң пендеге ғайыптың сырлары ашылып, ақиқатты көреді».
Ахуал – пенденің бойына хош иісін тастайтын рухтың самалы. Әл – Жунайд: «Ахуал жүрекке түсіп, әсер етіп, көп ұзамай кететін жағдай».

Сопылық «тариқаттар» - ағымдар Олар мынандай: Қадирия; Руфағия; Ахмадия; Дусуқия; Акбария; Шазилия; Бақташия; Маулауия; Нақшибандия; Маламития; Иассауия. Сопылық философия Хасан әл – Басриден бастал-ған сопылық философияның бірте – бірте қалыптасу барысында екі негізгі салаға: маламийа, исбатийа мектебі болып айырылғаны мәлім. «Малами-йа – адам психологиясының те- рең сырларын танып, меңге-руге сүйенетін сопылық дү-ниетанымның ұлы мұраты – па- расаттылық (ахлақ) филосо- фиясы. Исбат – адамның ғиба-даты мен тағатында адамдық санасының сақталуы, үнемі зікірде болу» (Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 8 том, 30 бет. Алматы, 2006 ж).

Сопылық мектептері Зухд мектебі. Оның өкіл-дері Рабия ал – Адауия, Ибрахим бин Адхам, Суфиян ас – Саурий. Кашф және мағрифат мектебі. Оның негізін салушы имам Әбу Хамид әл – Ғаззалий. Бұл мектептің идеологиясы: «Ақыл жалғыз өзі Алланы танып, болмыстың ақиқатын жете біле алмайды. Рухани дамуы арқылы ғана пенденің жүрек жанары ашылады, сон- да ғана ақиқатты бүркеп тұр-ған пендешілігі ашылады».

Уахдатул – ужуд мекте- бі. Оның негізін салушы Мухиддин бин ал – Арабий. Бұл дін ғұламасының соңғы ізбасарларының бірі Жамал әд – Дин осы мектептің негізгі ұстанымы мынандай сенімде дейді: «Алла барлық нәрседе, Ол барлық нәрсе. Сондықтан бұл әлемдегі барлық нәрсе қасиеттеуге және ұлықтауға лайық». Ит – тихад және Хулул мектебі. Оның негізін салушы ал – Халлаж. Идеологиясына үнді және христиан сопылығының әсері бар. Бұл мектеп сопыларының сенімі: «Сопының бойына Алла еніп, сопы Жаратқанмен бір материя болады».

Дәруіш деп кімді айтады?

Суфизмде басты тұлғалар-дың бірі – дәруіш. 12 – ғасырда суфизм ілімін дамы-тушылардың сопылық қау-ымдарды ұйымдастыра бас- тағаны бізге тарихтан жақ- сы таныс. Сол кезде осын- дай әрбір қауымның мүшесін «дәруіш» деп атап, олар завия мен рабат, хаақа, текке деп аталған өзіндік жарғы- сы бар монастырларда тұр- ды. Бұл қауымдарды шейхтар басқарды. Дәруіштер завияға зікір салуға жиналып, онда дұға оқыды, өлең айтты. Олар музыканың сүйемелдеуімен билеп, өзін - өзі ұмытып, жан – дүниесін экстаз күйге жеткізді, оны «құдаймен сұх- баттастық» деп ойлады. Дә- руіш негізінен, парсы тілінде жарлы, кедей, кезбе, қаңғы-бас деген мағынаны білдіреді. Дәруіштер екі түрлі. Біріншісі – дорба арқалап, ел кезіп, рухани ілім таратушы сопылар. Екіншісі – сопылық бауырластыққа (тариқатқа) кіріп, пір (шейх) басқаратын, арнаулы мекен – жайларда тұратын, бір жерде уағыз жүр- гізіп, өзін - өзі жетілдіріп отырушылар. Дәруіштердің сопы- лық бауырластықтары 8 – 9 ғасырларда мұсылман әлемі-не кеңінен тарады. Қожа Ахмет Иассауи тариқатының жо- лын ұстанған дәруіштер түр- кі халықтарына Ислам дінін насихаттап, басқа елдермен рухани, мәдени байланыстар орнатуға көп еңбек сіңірді. Сопылықтағы Пір, Пақыр, Машайық Пір – шариғатқа шексіз сеніммен – мойынсұнушы, тари-қат көрінісінде – табанды, шешен, таза, мағрифатта – асқан білімді, ақиқат жолында кәміл сенімді, дүние қызығын тәрік еткен, әсіре қызылға әуес нәпсіні Иман нұрымен тізгін- деуші, Жаратушы Иесінің жіберген қазасына қашанда әзір һәм риза, ол берген несібені қанағат тұтушы, алған қайыр – садақасын нашарларға үлес-тіруші. Кез – келген дәруіш пір бола алмайды.

Пақыр – пірдің сырт- қы көріністік анықтамалығы. Олардың ұстаным – мазмұ-нында аражік байқалмайды. Пақырлық қазіргі қазақ ара- сында мүсәпір – міскін ма-ғынасына ие. Пақырлық жолда жүргендерді ешкім ұлы ұстаз деп мойындамағанмен, олардың ішкі дайындығының пір дәрежесінде болуы әбден ықтимал.



Машайық - әлі жер басып жүрген тірі әулие – пақыр. Өмірде пенделікте жүрген өзін имандылық арқылы жетілдіріп, екі жақты (сыртқы, ішкі) ілімді меңгерген ғұла-ма – пақырлар болған. Осы бағытты ұстанған мүридтер өзінің әулиелігін мойындатқан машайықты Пір тұтқан.

06.03.2009 | Просмотров: 2965 | Комментариев: 1 | Голосов: 2 | Рейтинг: 3.27 | Печать |

Имя
Гость, 15.09.2009 09:07:48
сопылар адасып ќайда барасын? Алла дініне жаѕалыќ енгізуден бастап шіркке біраќ секірдіндер єой ќайтыѕдар ќўран мен сїннетке
 
Текст сообщения*
Защита от автоматических сообщений

Другие публикации выпуска в этой рубрике


Приглашаем рекламные агентства

Яндекс.Погода


Газета Инфо-Цес 1991-2010
Разработка сайта: Студия Style.KZ
компьютерная помощь бутово Несколько точек для ремонт iphone.