Реклама в газете Инфо-Цес
  Логин пароль Забыли пароль? | Регистрация
№ 9 06.03.2009
Публикации 06.03.2009

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Таңғажайып жеті саны Жеті санымен аталатын керемет көп

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.

Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ хал-қының дәстүрлі салт-сана-сында адамның ата жағы-нан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасы-ның аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізнен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата.

5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғаса-ды: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып ке- те береді. Жеті аталық ұста-ным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы ал- дында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.

Ол – этникалық тұтас-тықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол се-бепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айы- бы жоқ» деп ұрпақта-рына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүр- кіт. 7. Берен мылтық.

Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамның ақыл-ойы, сана- сы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жау-лық (ердің жары). 4. Бала (өмір жалғасы). 5. Көңіл (кө- ңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды). 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»). 7. Ит. Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады. 2. Бақ. Ол ерекше жаратыл- ған құдірет иесі. Бақ дары-майды, қонады. 3. Ақыл (Бай-лық пен бақыттың тірегі).

4. Денсаулық. 5. Ақ жаулық. 6. Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені). 7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).

Қазақтардан басқа халық-тарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазына- ға мыналар жатады: 1. Көк аспан. 2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады). 3. Ай (түнгі тіршлік нәрі). 4. От (От – Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады).
5. Су. (сусыз тіршілік жоқ).
6. Жер (тіршілік анасы). 7. Ит.
Жеті қат көк. Ол – аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабат-ты етіп жаратқан. «Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Құран Кәрім, 72 сүре, 14 аят). Екіншісі: жеті жұлдызға бай-ланысты атау. Олар: Ай, Мер- курий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһ-ра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшіншісі: ежелгі түркілік ми-фологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен. Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мы- нандай: 1. Тұңғиық. 2. Жылан.

3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көк өгіз. 7. Жер. Жаратылыстың сегізінші қбаты – тағдырдың талайы жа-зылған «лайық» атты жазу тақ-тасынан, тоғызыншы қабаты – «күрсі», «мінбер» және «тақ» орнатылған тә-ңірлер әлемінен тұрады.

Жетіқарақшы. Ол – ас-панның солтүстік жарты ша-рындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық ша-маға дейін жалтырап көріне- тін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақ-шының жарық жеті жұлды- зының сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұл- дызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.

Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозға-латын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.

Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Кемпірқосақтың жеті тү- сі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қыз-ғылт-сары, сары, жасыл, кө-гілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан кө- рініп, кемпірқосақ пайда болады.

Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қа-былданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары-ның жинағы. Тәуке хан «Қа-сым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байла-нысты» дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынандай:

1. «Халықтың ханы, сұлтаны, пір-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
2. «Төрелер мен қожалар-дың жай қатардағы біреуі өл-се, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін».
3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады».
4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».
5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек».
6. «Құйрық – бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі».
7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».
Әрине, бұл жеті өзгеріс-тен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдай-ларға, рәсімдерге байланыс-ты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан.
Жеті жұт. Бұлар: 1. Құр- ғақшылық. 2. Жұт (мал қы-рылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру).
5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зіл-зала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. Ол былай:
1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Ас-панда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ.
6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқы-да өт жоқ.
Жеті жетім. Бұл жөнін- де мынандай даналық сөздер бар:
Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.
Жеті ғашық. Халықтың ән – жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада кездеседі:
а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир – Зухра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ. ә) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда, Сейпілмәлік – Бәдіғұл, Бозжігіт – Анула (кей нұсқада Қарашаш), Зияда – Хорлы (Хорлы - Ғайын).
Әлемдегі жеті санымен аталатын кереметтер Вавилондықтардың түсіні- гінше, әлемде жеті планета бар. Сол себепті олардың ғи- бадатханалары да жеті дең-гейлі. Бірқатар діндерде де жеті саны киелі: еврейлердің балауыз қойғышы, шырағдан-дары, менорлары жетіден.
Ислам дінінде Жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық. Жеті шәріп: Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құд-дыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран). Жеті тозақ: 1. Сағир. 2. Ла- зо. 3. Сақар. 4. Жахим. 5. Жа-һаннам. 6. Хауия. 7. Хатома.
Христиан дінінде Жеті саны: сенім, үміт, қа- йырымдылық, әділеттілік, са-бырлық, ақылдылық және рухтың күші.

Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздарды, 5 – күні балықтар мен құстарды, 6 - күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.

Өлімге себепкер же- ті күнә: 1. Тамақсаулық. 2. Жалқаулық. 3. Нәпсіқұмар- лық. 4. Өркөкіректік. 5. Ашу.

6. Қызғаншақтық. 7. Сараң-дық. Бұл жеті күнәні XV ға- сырда суретші Иероним жо-ғарыдағы суретте тамаша бей- нелеген. Әлемнің жеті кереметі Алғашқы 7 керемет: 1. Еги- пет пирамидасы. 2. Вавилон- ның аспалы бағы. 3. Ерте- дегі Артемида храмы. 4. Олим- пиядағы Зевстің мүсіні. 5. Га- ликарнастағы Мавсол патша- ның табытханасы. 6. Жерорта теңізі аралығындағы Ге-лиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні. 7. Александрия маягі. Бесінші ғасыр-дан бері танылған 7 керемет:

1. Рим колизейі. 2. Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар. 3. Қытайдың ұлы қорғаны. 4. Англиядағы алып тас қор-ған. 5. Италиядағы Пиза қи-сық мұнарасы. 6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара. 7. Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы.

Жеті континент. Олар: Аф- рика, Антарктида, Австралия, Еуропа, Солтүстік және Оң-түстік Америка.

Гептатлондағы (жетісайыс) спорттың жеті түрі. Олар: тосқауылдармен 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, 200 метрге ату, ұзындыққа секіру, 800 метрге найза лақ-тыру.

«Жеті саны – бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.

06.03.2009 | Просмотров: 7319 | Голосов: 1 | Рейтинг: 2.93 | Печать |

 
Текст сообщения*
Защита от автоматических сообщений

Другие публикации выпуска в этой рубрике


Приглашаем рекламные агентства

Яндекс.Погода


Газета Инфо-Цес 1991-2010
Разработка сайта: Студия Style.KZ
заправка картриджей hp исполнительное производство в екатеринбурге