|
|
|||||||
|
| |||||||
|
| ||||||
|
№ 14 10.04.2009
| |||||||
| |||||||
|
Публикации 10.04.2009
Столица
Лучшее за неделю
Авторские статьи
|
Орталық Азия бірыңғай интеграциялану жолында
Бұл мәселе қазіргі кезеңде күн тәртібіне жиі қойылып жүр. Аймақтағы мемлекеттердің бірігуі деген проблеманың бар екенін әлемдегі үш ірі держава – АҚШ, Қытай; Ресейдің осы аумақта жүргізіп отырған саясаты да анықтайды. Соңғы уақытта бұл саясат «ойынына» Үндістан мемлекеті қосылды. Халқының саны жөнінен екінші орын алатын, Қытаймен қабаттаса жедел дамып келе жетқан Дели осыдан бірнеше жыл бұрын ғана Тәжікстанда әскери базасын ашу қажеттігін ескертті. Орталық Азия елдерінің одағы, оны интеграциялау мәселесі - қайталанып айтылып жүрген, қоғамдық өмірдің өзекті әрі өткір мәселесі. Бұл қажеттілікті жүзеге асырған жағдайда әрине, олар бі-рыңғай саяси-экономикалық, әлеуметтік саясатты белгілеген болар еді. Демография-лық дамуы жағынан алда келе жатқан Өзбекстанда 26 млн., ал экономикалық жедел даму жолына түскен Қазақстанда 15 млн. тұрғын бар. Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері 2006 жылғы Ташкент кездесуінде бұл проблеманың өзектілігін, бірігудің тиімді екенін қадап айтты. Ауғанстан президенті Х. Карзай «Үлкен Орталық Азия әріптестік, сауда мен даму» деген тақырып-пен Кабулда өткен халықаралық кеңесте өз елін тығырық-тан шығару жолдарын сөз етті. Жалпы, Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциялануы проблемасын Кабул-дың қатысуынсыз шешу мүмкін емес. Осыған орай, Қазақ-стан мемлекеті Ауғанстанды қалпына келтіру үшін қажет инвестиция жұмсап, мамандарды оқытуды қолға алды. Бұл туралы кезінде Кабулда-ғы кеңесте бұрынғы Қазақстан Республикасының Сырт-қы істер министрі, қазіргі Сенат төрағасы Қ. Тоқаев мәлімде-ген болатын. Бұл еліміз тәуел-сіздік алғалы қазақстандық делегацияның алғашқы ресми сапары еді. Қ. Тоқаев мырза сол жолы Кабулға Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке хатын ала барды. Онда Қазақстан Пре-зиденті Ауғанстан басшысы Хамид Карзайды Азиядағы өзара сенім және ықпалдас-тық жөніндегі кеңеске арнайы шақыруы жазылған. Хамид Карзай саммитке қатысты. Айта кету керек, Ауғанстан Ислам Республикасы дамудың жаңа сатысына көшті. Ұзақ жылдар қанды қырғыннан көз ашпаған ел жаңа үкіметке арқа сүйеді. Мұнда қарулы қақтығыстар, саяси текетірестіктер әлі де болса ішінара жүріп жатыр. Батысқа үміт артатындар да, оған наразылық танытып жатқандар да бар. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесін біріге отырып талқылауды қазақстандық сарапшылар мен АҚШ-тың Орталық Азия және Кавказ жөніндегі институты осыдан үш жыл бұрын қолға алған болатын. Бұл тақырып Кабулда өткен кеңестің күн тәртібіне шығарылды. Бұған ғаламның әр қиырынан 40-қа жуық елдің сарапшы-ғалымдары қатысты. Ауғанстан қазір қай жақ-қа барады? Үлкен Орталық Азияға кіре ме, кірмей ме? Осы мәселе туралы үлкен әңгіме болуда. Азия және Оңтүстік Азияның дәл ортасында тұрған Ауғанстан егер болашақта үлкен Орталық Азияға қосылатын болса геосаяси және экономика жағынан өте жақсы нәрсе болады. Барлық тарапқа өте пайдалы болады. Газ-мұнай құбыры осы Ауғанстан арқылы өтетін болады. Еуропалық одақтың Орта-лық Азия жөніндегі арнайы өкілі Ян Кубиш:
Халықаралық қауымдастық Орталық Азияның бірігуіне, онда тұрақтылық ырғағын сақтауға ынталы. Сауда-экономика, әлеуметтік көмектермен қатар дамып келе жатқан Орталық Азия елдері үшін саяси тәуелсіздік проблемасы бірінші кезекке шығады. Орталық Азияның мемлекеттері халқының саны 1,4 миллиардқа жеткен алып держава Қытаймен шектеседі. Қы-тайдың экономикалық даму қар-қынына Батыс елдері сақтана қарайтын болды. Жақында ішкі жалпы өнімі бойынша Италияны басып озған Қытай, әлемде-гі жетекші жеті мемлекеттің сапына қосылды. Бұл, әрине, оның жетістігінің шыңы емес. Сарапшылар Қытай Англия мен Францияны да артқа тастай алатынын айтады... Бұл - бейбіт, экономикалық, техно-логиялық жарыстағы жетістіктер болғанын батыс елдері қанағат тұтып отыр. Саясатты экономика белгілейді десек, қазіргі кезеңде Ор-талық Азияның даму бағдарын белгілеуде Қытай Халық Республикасы жетекші орын алады. Қазақстан мен Қытай ара-сындағы сауда айналымы жылына 10 пайызға өсуде. 2005 жылы Қазақстан мен Қытайдың арасындағы мұнай құбыры іс-ке қосылды. Сауд Арабиясы Қытайға мұнай жеткізіп беруге келісім жасады. Ресей мемлекеті де Батыс Еуропадан гөрі Шығыстағы ұлы көршімен сауда-экономикалық бағытын дамыту тиімді екенін ұғынды. Әлемдегі алып державаның бірі Қытай мемлекеті Орталық Азия елдерінің интеграциялануы жөнінде не ойлайды? - Бұл аса қажет ұйым, - дейді Қытай профессоры Дун Сяоян, - Ал Қазақстанға келетін болсақ, біз оны Қытай еліне мұнай, газ, басқа да минералдық бай ре-сурстар жөнелтетін жақын көр-ші мемлекет ретінде қараймыз. Сондай-ақ, Қазақстан арқылы бізге түрлі тауарлар жеткізіле-
АҚШ және еуроодақтың ық-палын жоққа шығаруға болмайды. Қазіргі әлемдік даму, индустриялық-инновациялық саясаттың тетіктерін білгірлікпен басқарып отырған батыс дүниесі Орталық Азия-ның тәуелсіздік пен даму, демократиялық өзгерістер жолына түскенін қалайды. Жағра-пиялық алыстығына қарамастан АҚШ Қазақстанға, Орталық Азиядағы Қырғыстан, Тәжікс-тан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғанстан секілді дамушы мемлекеттерге жыл сайын 30-50 млн. доллар көлемінде қайтарымсыз көмек береді. Инвестициялық көмегі өз алдына.
Ақпарат кеңістігінде мынадай мәселеге көңіл бөлінуде. Орталық Азия ммлекеттері біртұтас интерацияға бірікпейді деген пікір белең алуда. Әрине, мұның бәрін шығарып жүрген ресми тілдегі ақпарат құралдары. Мәселен, олар Ор-талық Азияның негізгі мемлекеттері АҚШ пен Қытайдың ықпалында кетеді, ал, Қазақ-стан Ресейдің ықпалдастық аймағына айналады деп сәуе-гейленді. Біздің ойымызша, бұл пікірлер қате айтылған, мүмкін, қазіргі кезеңдегі эко-номикалық-әлеуметтік жағдайды пайдаланып қалу үшін жорта шығарылған теріс көз-қарас болуы мүмкін. Оған себеп: Қазақстан Республикасы Орталық Азиядағы дамыған ірі державаға айналып келе жатыр. БСҰ-ға, ЕҚЫҰ-на өтуді, бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды, демократиялық саяси реформалауды жүзеге жүзеге асырып жатқан Қазақстан Республикасы кешегі отарлаушы елге тіленбейді. Олай болуы мүмкін емес. Бұған тәуелсіздікті аңсап, соны сақтауды, дамытуды асыл мұрат тұтқан қазақ халқы, бауырлас ұлттар мен ұлыстар еш уақытта да жол бермейді. Орталық Азиядағы саяси-әлеуметтік және экономика-лық жағдайдың тұрақтануына, өзінің көршілерімен қалыпты жағдай орнатуына осы ай-мақтағы ірі державалар Пәкістан мен Түркия мемлекеттері де мүдделілік танытады. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркі-менстан, Әзірбайжан секілді тәуелсіз мұсылман мемлекеттерімен талай ғасырдан бері әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жүйеде өзара татулық, туысқандық қатынастар орнатқан бұл мемлекеттер аймақтың дербес дамуын қолдайды. Мұның жарқын мысалы ретінде жақындағы Астанаға Пәкістанның белгілі қоғам қайраткері, елдегі билік жүргізуші – «Пәкістан мұсылмандар лигасы» пар-тиясының Вице-президенті Гохар Аюб Ханның ресми сапарын атап өтер едік... Пәкістандық құрметті қонақ Қазақстан Астанасының көркі мен келбетіне, құрылыстың сапасына, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігіне разылық сезімін жеткізді. Соған орай:
Сол айтылғанның айқын дәлеліндей болып, жақында Қазақстанның сыртқы істер Министрі Марат Тәжиннің Түр-кия мемлекетіне ресми сапары сәтті аяқталды. Қазақстанның сыртқы істер Министрі Түркия мемлекетінің басшыларымен, қоғамдық қайраткерлерімен кездесіп, туысқан елдердің арасындағы өзара әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси қатынастарды жетілдіріп, одан әрі дамытудың жолда-рын талқылады. Орталық Азия мемлекет-терінің тәуелсіз одағын құру мәселесі бүгінгі күн тәртібіне өткір қойылды. Өзекті мәселе өзінің шешімін күтіп тұр. Бұл мәселе жөнінде әлемдегі жетекші державалар мүдделілік танытуда. Қазақстан Республикасы өзінің көп қырлы саясатын жүзеге асыра отырып, тәуелсіздік тұғырын одан биіктетудің тиімді әдісін оңтайлы пайдаланады деп үміттенеміз. Сұлтан Әли, Астана қаласы.
10.04.2009 |
Просмотров: 1494 |
Печать |
Другие публикации выпуска в этой рубрике
|
Интересные вопросы
Фотоконкурс «Дама с собачкой»
Интервью
Фоторепортажи
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Газета Инфо-Цес 1991-2010 Разработка сайта: Студия Style.KZ | |||
|