Ауыз суының шипасы Шығыс медицинасының таным-түсінігі
Су – тіршілік көзі. Сусыз жан-жануарлар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды. Тамақсыз бірнеше апта өмір сүре алатын адамдар сусыз қалса, бірнеше тәуліктен соң өліп кетеді. Мамандардың айтуынша, ауыз суының ішінде табиғаттағы таза бұлақтың суынан пайдалы сусын жоқ. Адамзат баласы он тоғызыншы ғасырда темір үшін, жиырмасыншы ғасырда мұнай үшін жанталасып жан қиып, жанжалдасса, енді, су үшін күресіп, шайқасуға дейін баруда.
Бас ауруын емдеп жазу Халық емінің қарапайым тәсілдері
Қазақ халқының ең жақсы баталарының бірі:
«Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын»,
«Басыңа бақ қонсын». Тағы бір көп айтатын сөзі: «Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса».
Әйтеуір, біз адам басын қымбат санаған халықпыз. Және де ел ішінде көп кездесетін
сырқат та бас ауруы. Бәріңіздің де естеріңізде
болар, ақ шашты әжелеріміздің:
«Басымның сақинасы ұстап отыр,
келінжан, шайыңды қоюырақ құйшы», -
дейтін сөздері... Басқаларды білмеймін,
мен өзім ауылда өскенімде басы қатты ауырған қариялардың басына сүлік салғызып,
шекесінің тамырын қиғызып, басынан қоп-қою
қара қан алғызып сауыққанын талай рет көріп, қасында болдым. Сонда бас ауруын жазудың
небір халық емі туралы естіген едім-ау!
Үй жануарлары, зоологиялық мүйіс Оны күтіп – ұстау тәртібі
Қала тұрғындарының көбісі пәтерлерінде ит, мысық ұстап, аквариумда әр түрлі балықтарды өсіргенді, зоологиялық мүйіс жасап, онда кішігірім тасбақаны, шақпайтын жыландарды, темір торда тотықұсты бағып, күткенді ұнатады. Адамдардың мұндай іспен айналысуына себеп болатын жағдайлар көп.
Тек қала пәтерлерінде
үй жануарларын, зоологиялық мүйісті күтіп-ұстау жөнінде
ақыл-кеңес беретін қазақ тіліндегі кітапшалардың жоқтығын қайтерсің...
Арақ – шараптың азабы Ауыр дерт, рухани құлдырау
Нақты деректер бойынша, елімізде араққа салынудың салдарынан жыл сайын 28 мың адам бауыр, жүрек-қан тамырлары, асқазан жарасы тәрізді дерттерді асқындырып алып, көз жұмады. Жол-көлік апаты оқиғаларының
да елу пайызы ішімдіктің салдарынан. Қазір Қазақстанда араққа басыбайлы құл болғандардың саны 500 мыңнан асады.